Kazakhstan Fashion Week Oskemen 2025

28 қараша 2025, 12:51

Сән мен креативтің жарқын мерекесі!

 Kazakhstan Fashion Week Oskemen 2025

Бұл шара Shygys Creative Hub креативтік индустрияларды дамыту орталығының базасында өтіп, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей дизайнерлеріне арналған нағыз шығармашылық платформаға айналды.

Подиумда өздерінің жаңа коллекцияларын ұсынған дизайнерлер:

Фатима Сүлейменова, Динара Сеитова, Алексей Чжэн, Әділə Ботабаева, Бекназар Алмазбек, сондай-ақ Қырғызстаннан арнайы келген қонақ — Залкар Аскарали (ZALKAR). Ол өз ұлттық колоритке толы ерекше коллекциясымен көрермендерді тәнті етті.

Бұл көрсетілім өңірдің сән және креатив индустриясының дамуына мықты серпін берді.

Ұйымдастырушылар — Fashion School Oskemen және Shygys Creative Hub — бірнеше айлық дайындық нәтижесінде Fashion Week деңгейін жаңа белеске көтере алды.

Өскемен тағы да дәлелдеді: мұнда жарқын идеялар, батыл коллекциялар және жаңа есімдер дүниеге келеді!

Бөлісу:

© 2025 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.